22 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №375

264 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 5 тамыз, Астана қаласы «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы №68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9890 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Газ желісі ұйымы беру жоспарының шеңберінде сатып алынған сұйытылған мұнай газын ұсынылған өтінімге сәйкес және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 10-тармағын ескере отырып, өңірлердегі тұтынушыларға және (немесе) автогаз құю станцияларының және (немесе) газ толтыру пункттерінің иелеріне өткізуді жүзеге асырады.»; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.БОЗЫМБАЕВ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №375 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің _____(жылғы)______(айы) арналған жоспары № р/с Берушінің атауы, орналас-қан жері Аймақ Аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна Газ желісі ұйым-дарының атауы Әрбір аймаққа маркалары мен партиялары бойынша бөлу Әр бір партияның тиеу күні Түсіру орны, жеткізу тәсілі техника-лық бутан техника-лық пропан- бутан техникалық пропан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ескертпе: Беру жоспары мыналардан тұрады: 1) № р/с – реттік саны; 2) берушінің атауы, орналасқан жері - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі және олардың орналасқан жері бойынша облысы; 3) аймақ - газ желісі ұйымдарының өтінімдері бойынша сұйытылған мұнай газы берілетін облыс және республикалық маңызы бар қала, астана; 4) аймаққа беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі; 5) газ желісі ұйымдарының атауы - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі; 6), 7), 8) – сұйытылған мұнай газын маркалары бойынша бөлу: техникалық бутан, техникалық пропан-бутан, техникалық пропан. 9) әр бір партияның жөнелтілген күні – шаруашылық жүргізуші субъекттердің арасындағы шарттық қатынастарға сәйкес; 10) түсіру орны, жеткізу тәсілі - аккредиттеу туралы куәлікте көрсетілген газ толтыру станциясының мекенжайы және жеткізу тәсілі-темір жол көлігі және/немесе автомобиль көлігі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №375 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 2-қосымша Нысан ______________________________ ______________________________ (уәкілетті органның атауы) _________________________________________________ _________________________________________________ (газ желісі ұйымының атауы мен орналасқан жері, аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі мен күні) Сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінім Мәлімделген кезең ____________________________ (күнтізбелік жыл, айлар) Берілетін көлемнің барлығы, кг __________________________________ оның ішінде партиялармен Партия № /кезеңдер Партия-дағы газ көлемі, кг Маркасы (техникалық пропан, техникалық пропан- бутан, техникалық бутан) Беруші Берушінің тиеу күні Жоспарланған өткізу көлемі, кг Баллондық өткізу үшін газ толтыру пункттері Топтық резервуарлық қондырғылар Автогаз құю станциялары Өнеркәсіптік кәсіпорындар Өз тұтынуы жеке тыс-қары көп пәтер-лі үйлер Жеке тұрғын үй секторлары жеке тыс-қары Жыл бойынша жиыны Жеткізу тәсілі ________________________________________________ (т/ж не автомобиль көлігімен - әрбір беруші үшін жеке) Түсіру орны_______________________________________________ Басшы ____________________________ Мөрдің орыны. Ескертпе: Газ желісі ұйымының өтінімінде: 1) газ желісі ұйымының толық атауы мен оның орналасқан жері; 2) оған жақын өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері; 3) сұйытылған мұнай газының жоспарланған көлемін тиеу күні және жеткізу тәсілі, газ толтыру станциясының орналасқан жеріне сәйкес түсіру орны; 4) түрлері (пропан-бутан фракциясы, пропан, бутан), партиялары мен тиеу күндері бойынша бөле отырып, сұйытылған мұнай газын сатып алудың мәлімделген көлемі; 5) аудандары және газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, автогаз құю станциялары және өнеркәсіптік тұтынушылар бойынша бөле отырып, мәлімделген көлемді жоспарланған тарату көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14206 болып енгізілді.